09 ақпан 2021 | 15:38

Алматыда жолдағы үлкен шұңқыр кесірінен пайда болатын кептеліске тұрғындар шағымданды

Видеодан алынған кадр

Алматыда көлік жүргізушілері жолдағы шұңқырды айналып өту үшін ұзын-сонар кептеліс пайда болатынына шағымданды. Бұл жағдайдың виеосын жүргізушілердің бірі әлеуметтік желіде жариялаған. Қала әкімдігі жол ортасындағы шұңқырға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда көлік жүргізушілері жолдағы шұңқырды айналып өту үшін ұзын-сонар кептеліс пайда болатынына шағымданды. Бұл жағдайдың виеосын жүргізушілердің бірі әлеуметтік желіде жариялаған. Қала әкімдігі жол ортасындағы шұңқырға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларларынан жүргізушілер көлікті зақымдамау үшін шұңқырды айналып өтіп жатқанын көруге болады.

Реклама
Реклама

"Төле би көшесінен Момышұлы көшесіне оңға бұрылған жерде үлкен шұңқыр бар. Осыған байланысты қазір кептелісте тұрмыз", - дейді видео авторы.

Әуезов ауданы әкімдігі ол жолда инженерлік желілерді ЛРТ астынан шығару жұмыстары жүргізілгенін айтты.

"2021 жылдың 9 ақпанында тасжолдағы шұңқыр уақытша тегістеліп, тас төселді. Жөндеу жұмыстарына ауа райы қолайлы болған кезде "Сұңқар" ЖШС мердігер ұйымы асфальт төсейді", - деп жауап берді әкімдік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная