18 қаңтар 2021 | 15:24

Алматыда жолға таласқан жүргізушілер жанжалдасты

Видеодан алынған кадр

Алматыда жолға таласып қалған екі жүргізуші көпшілік көзінше жанжалдасты. Оқиға кезінде жүргізушілердің бірі бұрыш баллонын қолданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жолға таласып қалған екі жүргізуші көпшілік көзінше жанжалдасты. Оқиға кезінде жүргізушілердің бірі бұрыш баллонын қолданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанжалға Анна Димитриевич пен Олег Чернов куә болды. Олардың айтуынша, оқиға 17 қаңтарда түстен кейін Желтоқсан мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында болған.

Реклама
Реклама

"Volkswagen Amarok жүргізушісі көзашытқыш баллонды екіншісіне шашып жіберді. Сұйықтық өте қатты шашылды. Тіпті көліктің әйнегінде тамшылары көрініп тұрды. Кейін ештеңе болмағандай кетіп қалды, екінші жігіт көліктен әрең шықты", - деді Димитриевич.

"Ештеңе көрмегеннен жігіт жолға шығып кетті. Мен оны жол шетіне сүйреп шығырдым. Олег кафеден су, сосын сүт алып келді. Ол көз ашығанын басады. Қолымыздан келгенінше көмектестік. Жүргізуші жігіт қатты қиналғаннан қызарып кетті, көзі көрмей тұрғанын айтты", - деп қосты куәгер.

Оқиға орнында болған тағы бір қыз полицейлер мен жедел жәрдем 15 минут ішінде келгенін атап өтті.

"Түсініксіз жайт. Amarok жүргізушісі полиция қызметкерлеріне бұрыш баллонын шашқан қарттың видеосынан сабақ алмаған сияқты. Ол бөтен адамның денсаулығына зиян келтірді. Бұдан кейін ол жігіттің көзіне зақым келуі, тіпті қабағы күйіп қалуы да мүмкін. Кейінірек ол маған қоңырау шалып, қабағын екінші дәрежелі күйік шалғанын айтты. Amarok жүргізушісі тиісті жазасын алады деп үміттенемін. Есен Ысқақов (Алматы аудандық полиция басқармасының бастығы), бұл сіздің ауданыңызда болды, кінәлі азамат тиісті жазасын алады деп үміттенемін", - деп жазды Анна Димитриевич өзінің Facebook-парақшасында.

Кейінірек Алматы полиция департаменті оқиғаның жай-жапсарын айтты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Күдікті анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл қылмыс екі жүргізушінің арасындағы қақтығыстың салдарынан болған. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін егде жастағы алматылық тұрғын үйінің алдында полиция қызметкерлеріне көзашытқыш баллонмен шабуылдаған. Құқық қорғау органдары оның бес жасар немересін алып, анасына тапсыру үшін барған. Бұл әрекеті үшін 67 жастағы зейнеткерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная