13 сәуір 2021 | 17:16

Алматыда жүк көлігі көкөніс сататын дүкенді соқты

Видеодан алынған

Алматыда жүк көлігі көкөніс сататын дүкенді соқты. Жүргізуші дене жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жүк көлігі көкөніс сататын дүкенді соқты. Жүргізуші дене жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрлардан қираған дүкен және жерде шашылып жатқан көкөністер мен жемістер көрінеді. Видео авторы жүк көлігінің тежегіші істен шығуы мүмкін екенін айтты.

Реклама
Реклама

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі 12 сәуірде Наурызбай ауданында төтенше жағдай болғанын хабарлады.

"Сағат 18.30 шамасында Howo жүк көлігі тізгініндегі жүргізуші Асқаров көшесімен батыс бағытта келе жатып, Арычная көшесі қиылысында тұрған дүкенге соғылған. Салдарынан жүргізуші дене жарақатын алды. Оқиғаның мән-жайын Наурызбай аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция майоры Олжас Шәріпов.

Айта кетейік, 2020 жылдың қарашасында Дулати көшесі мен Набережная көшесінің қиылысында ірі жол апаты болғаны хабарланған еді. Онда жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жүргізуші көліктен секіруге мәжбүр болған. Кейін жүргізуші қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Жаңа министр ант қабылдады