04 қазан 2023 17:44

Алматыда жүк көлігі самокат мінген жасөспірімді басып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматыда самокат мінген жасөспірімді жүк көлігі басып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда самокат мінген жасөспірімді жүк көлігі басып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар редакцияға Студенттер сарайы маңында Тимирязев көшесінде болған қайғылы оқиға туралы хабарлады. Сергей есімді куәгердің айтуынша, самокат мінген адам көшенің жоғарғы жағында келе жатқан. Жүк көлігі шығыс бағытта келе жатып, ҚазҰУ жатақханасына қарай оңға бұрылмақ болған. Сол сәтте жүк көлігі самокаттағы адамды қағып кеткен. Куәгердің айтуынша, ол жәбірленушінің денесі жүк көлігі астында жатқанын көрген.

Реклама
Реклама

Алматы полициясы қайғылы оқиға 4 қазанда сағат 15:55-те болғанын хабарлады. "Холл" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі - 1978 жылы туған А. Тимирязев көшесімен шығыс бағыттан оңға бұрылу кезінде, электрсамоктпен шығысқа қарай келе жатқан 2010 жылы туған Ж-ны қағып кеткен. Алған жарақаты салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram