Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды қағып кетті

Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды қағып кетті Фото: Tengrinews.kz

Алматыда Subaru жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда Subaru жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық полицияның мәліметінше, оқиға 14 мамырда сағат 12.25 шамасында болған. Subaru көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен солтүстік бағытта бара жатып, Жібек жолы көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 2010 жылы туған қызды қағып кеткен.

"Оқиға салдарынан оқушы дене жарақатын алып, медициналық көмек алу үшін Алматы қаласының №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Бұл дерек Алмалы аудандық Полиция басқармасы қызметкерлерінің өндірісіне қабылданды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама