ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2022 | 17:17
Алматыда жүргізуші тежегіші істен шыққан автобусты апаттан аман алып қалды
Алматыда жол апатының алдын алған автобус жүргізушісі марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда жол апатының алдын алған автобус жүргізушісі марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жолаушылар автобусы бір апаттан қалай аман қалғаны айтылған видео тарады. Видео авторының айтуынша, тежегіші істен шыққан автобус көліктермен қақтығыстан қашып, жанармай құю станциясына соғыла жаздаған. Бәрі жүргізушінің шеберлігі мен тәжірибесі арқасында, дейді автор. Ол екі ағаштың дәл ортасына көлікті тоқтатып үлгерген.
Назар аударыңыз, видеода әдепсіз сөздер айтылған!
@__.bakiev.__♬ оригинальный звук - __.bakiev.__
Оқиға 10 қазанда болған. Жүргізушінің аты – Дамир Ұзақов.
"2022 жылдың 10 қазанында шамамен сағат 10:30-да шығысқа қарай, Райымбек даңғылы мен Сайын көшесі қиылысындағы көпірде автобус жүргізушісі Дамир Ұзақов тежегіште ақау барын байқаған. Тәжірибесі мен жүргізушінің дер кезінде әрекет етуі арқасында жағдай зардапсыз аяқталды", - деді Tengrinews.kz тілшісіне қалалық мобильділік басқармасы өкілдері.
Бұл автобус паркке техникалық жұмыстар жүргізу үшін жеткізілгені хабарланды.
"Автобус толық техникалық тексеруден өткен соң таңертең рейске жөнелді, оқиға екінші айналымда болды. Айдың аяғында жүргізушіге сертификат пен сыйлықақы берілді", - деді ведомство өкілдері.
Осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін автопарктің барлық автобусын тексеру ұйымдастырылды, деп сендірді басқарма өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также