Алматыда жүргізушісі жоқ көлік балалар алаңына соғыла жаздады

Видеодан алынған кадр

Алматыда жүргізушісі жоқ көлік балалар ойнап жүрген алаңға кіріп кете жаздады. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жүргізушісі жоқ көлік балалар ойнап жүрген алаңға кіріп кете жаздады. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізушісіз қозғалып кеткен көлік Алатау ауданындағы тұрғын үй кешенінің тұрғындарын дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желілерде әйел балаларымен бірге ойын алаңында жүргенде кенеттен көлік оталып, оларға қарай жылжи бастағанын айтып шағымданды.

"Кенеттен шу естілді, көлік жылдамдықпен ойын алаңының ортасында орналасқан орындыққа соғылды. Мен айғайлап, балаларды іздей бастадым. Көліктің ішінде ешкім болмады. Оны үйден оталдырды, жылдамдығы жоғары болды. Кейін көлік иесі шығып, қол тежегіші жұмыс істемейтінін айтып, орындықты итеріп, тыныш қана кетіп қалды. Мен әлі дірілдеп тұрмын", - дейді видео авторы. 

Реклама
Реклама

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиға 13 сәуірде сағат 19.40-та Алатау ауданындағы Чуланов көшесінде болғанын айтты. "Mazda-626 маркалы көлігінің 26 жастағы жүргізушісі өздігінен оталу жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, бетон жиекке, орындыққа және қоқыс жәшігіне соғылды. Алатау аудандық ПБ өкілдері бұл деректі тергейді, одан әрі шаралар қабылданады", - деді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная