ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қазан 2019 | 15:45
Алматыда жылу құбыры жарылды: бір адам зардап шекті
Алматыда жылу құбыры жарылысы салдарынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда жылу құбыры жарылысы салдарынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зардап шеккен ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Сондай-ақ, жол жиегіне тұраққа қойлыған үш көлік "суға кеткен". "Автокөлік иелері "Алматы жылу жүйесі" мекемесінен өтемақы талап ете алады", - деді компания өкілдері.
"Құбырлардағы су температурасы - 50-60 градус, сол себепті қандай да бір зардап келуі мүмкін емес. Апаттың себебі - құбырдың тозуы. 1971 жылғы құбыр. Ол өз ісін атқарды. Гидравликалық сынақтан сәтті өтті. Құбыр диаметрі - 700 миллиметр. Оқиға Райымбек даңғылы мен Бөкейханов көшесі аумағында, батыс бөлігінде болды. 13.00 шамасында болған. Қазір сол аудандағы су құбыры жабылды, оқиға орнында апатты-құтқару бригадасы жұмыс істеп жатыр", - деді Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені мен ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин.
Еске салайық, Алматы көшелерінің бірін жылу жолынан аққан ыстық су басып тастағаны хабарланған.
Портал оқырмандары редакцияның WhatsApp нөміріне оқиға орнынан фото мен видеолар жіберген. Олардың айтуынша, төтенше жағдай Бөкейханов көшесінде болған.
Видео кадрларынан су басқан жолмен машиналардың өтіп жатқанын көруге болады. Кейбірі су астына кіріп, қозғалысты жалғастыра алмаған еді.
Показать комментарии
Читайте также