Алматыда кафеден өрт шықты. Желіде суреттер жарияланды

Алматыда дәмхана өртенді. Қара түтін қаланың түрлі бөлігінен көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда дәмхана өртенді. Қара түтін қаланың түрлі бөлігінен көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түтін Орталық стадион аумағынан да байқалды.

Оқиға 27 маусымда таңертең сағат шамамен 8:20-да Момышұлы және Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. 101 пультіне шақыру 8:22-де түсті, өртсөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетті.

Реклама
Реклама

"Өртсөндірушілер жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс істеп жатыр. "Терраса" кафесінен өрт шықты. Жедел штабтың жұмысы басталды. 50 литрден үш газ баллоны шығарылды. Жарылыс қаупі болды", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

ТЖД өкілдері өрт қалалық бейнебақылау жүйесінің арқасында анықталғанын айтты.

Өрт 9.15-те ауыздықталды.

"Өрт таралу қаупі жойылды. Үш газ баллонынан басқа өрт орнынан оттегі баллоны да шығарылды. Жарылыс қаупі жойылды", - деді ведомстводағылар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная