ПОДЕЛИТЬСЯ
15 тамыз 2022 | 12:35
Алматыда қалалық сот ғимараты қоршауға алынып, судьялар эвакуацияланды
Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судья мен қызметкер эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судья мен қызметкер эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы соттың ресми өкілі Абай Жарылқасын мәлімдеді. Сот ғимараты қоршауға алынған.
"Бүгін Алматы қалалық сотының кіріс кеңсесі поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоқы жасалған хабарламалар келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимаратында хабарламалар тексеріліп жатыр. Құрметті азаматтар, түсінбеушілікке жол бермеу үшін процестердің кейінге қалдырылғаны туралы хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Басқа мәлімет жарияланған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также