13 қаңтар 2021 10:37

Алматыда қалың қар салдарынан 70 жол-көлік оқиғасы болған

© Тұрар Қазанғапов

Алматыда қалың қар салдарынан түнгі сағат үштен бері 70 жол апаты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қалың қар салдарынан түнгі сағат үштен бері 70 жол апаты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жол апаттарынан 6 адам зардап шеккен.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты ведомство өкілдері жүргізушілерден абай болуды сұрайды.

"Жауын-шашынның көп болуы қаладағы қозғалысты қиындататыны түсінікті - кептеліс болды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, көбіне бұған кей жүргізушінің нашар тәртібі себеп: кей жүргізуші жылдамдықты төмендетпей, апат жағдайына себеп болады, қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрметсіздік танытады, оған қоса, жүргізушілер рұқсат етілмеген жерлерде жолдан өтеді", - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram