25 желтоқсан 2023 | 14:31

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қираған сауда орталығының тағдыры қалай шешіледі?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Facebook/Антон Гордеев

Қаңтар оқиғасы кезінде тоналған Алматының орталығындағы "Променад" сауда орталығының бұдан кейінгі тағдыры белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаңтар оқиғасы кезінде тоналған Алматының орталығындағы "Променад" сауда орталығының бұдан кейінгі тағдыры белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Реклама
Реклама

"Променад" иелері сауда орталығын модернизациялап, оны фуд-холл форматына айналдыруды жоспарлап отыр (PlatformA фуд-маркетін мысалға ала отырып).

Фото ©Юлия Сарачакова

Айта кететін жайт, жобаны қала әкімі қолдағаны айтылды.

"Балуан Шолақ атындағы спорттық-мәдени кешені, Орталық стадион және Қазақ мәдениет және спорт академиясы сияқты нысандарға жақын орналасқандықтан, бұл жобаны жүзеге асыру тек туристердің ғана емес, қала тұрғындарының да ерекше назарын аударады", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Бүгінде сауда орталығын қайта жөндеуге қажетті құжаттар жиналып жатыр.

"Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2024 жылдың 1 тоқсанында бастау жоспарланған", - деп қосты әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сауда орталығы қазір жабық және мөрленген.

"Променад" сауда орталығы Алматының дәл орталығында, Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысына жақын жерде орналасқан. Ол 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде зардап шекті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная