Алматыда көлік аялдамаға соғылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда көлік аялдамаға соғылды видео кадры

Алматыда көлік аялдамаға соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда көлік аялдамаға соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Хабарламада көлік адамдар тұрған аялдамаға соғылғаны айтылған.

видео кадры

Жарнама
Жарнама

Алматы Полиция департаменті жол апатының 28 тамызда сағат 12:20-да болғанын хабарлады. Mercedes көлігін тізгіндеген 1987 жылы туған жүргізуші Абылай хан көшесімен келе жатып, Райымбек даңғылына солға бұрылып, тізгінге ие бола алмай автобус аялдамасына соқтығысқан.

видео кадры

"Осы жол апаты салдарынан аялдамада болған 7 адам зардап шекті. Олар қаланың емдеу мекемелеріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы дерегі тіркеліп, Алмалы аудандық ПБ қызметкерлері назарына алынды", - деді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама