Алматыда көлік аялдамаға соғылды: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Алматыда көлік аялдамаға соғылды: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды Видео кадрлары

Дәрігерлер Алматының автобус аялдамаларының біріне көліктің соғылуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлер Алматының автобус аялдамаларының біріне көліктің соғылуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, зардап шеккен 5 адам Алматының жедел жәрдем ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілген. 3 науқас амбулаториялық емделуге жіберілген. Сол жақ тобығы сынған науқас және сол жақ жіліншік кондилі сынып, миы шайқалған екінші науқас травматология бөліміне жатқызылды.

ЖКО-да 2 жасөспірім зардап шегіп, олар Алматының балалар жедел жәрдем орталығына жіберілген.

Реклама
Реклама

"Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша екі бала да нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. 15 жастағы балаға ми жарақаты, мидың шайқалуы, жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды. 16 жастағы екінші балада біріктірілген жарақат, ми жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ жіліншіктің ортаңғы үштен бірінің жабық сынуы анықталды", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда автобус аялдамасына көлік соқтығысқан еді. Салдарынан 7 адам зардап шекті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама