Алматыда көлік жерасты өткеліне құлады: салонда болған балалардың жағдайы айтылды

Алматыда 14 қарашада жол апаты болып, салдарынан көлік жерасты жаяу өткеліне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 14 қарашада жол апаты болып, салдарынан көлік жерасты жаяу өткеліне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апатынан 1980 жылғы жолаушы әйел мен 2015, 2014 және 2010 жылғы үш бала зардап шеккен болатын.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, үш бала жедел медициналық көмек орталығына жеткізілді.

Реклама
Реклама

"Б.Н. есімді бала - бес жаста. Диагноз - жұмсақ тіндер мен бел омыртқасының бұлшықеттерінің зақымдануы.

Д.А. есімді бала - алты жаста. Тексеру барысында бас жарақаты мен нейрохирургиялық патология анықталмады, диагноз -  маңдайдағы жұмсақ тіндердің зақымдануы.

Ж.Т. есімді бала - 10 жаста. Диагноз - аралас жарақат, тоқпан жіліктің жабық сынығы. Мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы. Төбе аймағы жарақаты. Іш қуысы мүшелерінің зақымдануы. Травматология бөліміне жатқызылды, жағдайы тұрақты", - деді басқармадағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама