16 қараша 2022 17:23

Алматыда көпірге тіреліп қалған жүк көлігі кептеліс тудырды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматыда жүк көлігі көпір астына тіреліп қалып, салдарынан бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жүк көлігі көпір астына тіреліп қалып, салдарынан бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 16 қарашада түс ауа Рысқұлов даңғылының бойында болған. Куәгерлердің айтуынша, сағат 13:40 шамасында батысқа қарай келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Бродский көшесінен өтіп, жаяу жүргіншілер көпірі астына тіреліп қалған.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткеліне зақым келтірген.

"Жүргізуші тіркемесі бар Volvo автокөлігін жүргізіп келе жатып, кедергілерге, атап айтқанда, жаяу жүргіншілер өткелінің құрылымына соғылған. Нәтижесінде бұл құрылым механикалық зақымданған", - деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Оның айтуынша, іс материалдары Жетісу аудандық полиция бөліміне өндіріске қабылданған. Оқиғаның мән-жайын департамент қызметкерлері анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram