ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қараша 2023 | 10:11
Алматыда көшедегі әжетханадан құтқарылған сәби жаңа отбасын тапты
2022 жылдың тамызында Алматы полициясы көшедегі әжетханадан құтқарып алған сәби жаңа ата-анасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2022 жылдың тамызында Алматы полициясы көшедегі әжетханадан құтқарып алған сәби жаңа ата-анасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы балалар үйі қарайтын Алматы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Жаңа отбасы баланы базадан көріп, бірден алып кеткісі келген.
"Әйел балалар үйіне барды, баланы көріп, көзіне жас алды, оны бірден алып кеткісі келді. Отбасы толық, қосылғандарына көп жыл болған, бірақ балалары болмаған. Басқа қаладан келді, қамқорлыққа алу құжаттарын ресімдедік. 2023 жылдың мамырында отбасы баланы қамқорлығына алынды. Олар енді толық және бақытты отбасы болатынына қатты қуандық. Олар фотосуреттерін жіберді, қуанып жүр", - деп қосты қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салайық, биыл тамызда Алматы полиция қызметкерлері көшедегі әжетханадан жаңа туған нәрестені тауып алған еді. 17 жастағы қыз түсік болды деп, сәбиінен құтылған. Алайда тәртіп сақшылары сәбиді әжетхана шұңқырынан тауып, аман алып қалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также