ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 маусым 2024 11:21
Алматыда қойма өртенді
Алматыда есіктер сақталатын қойма өртеніп, көрші нысандарға қауіп төнді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда есіктер сақталатын қойма өртеніп, көрші нысандарға қауіп төнді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық ТЖД мәліметінше, 11 маусымда сағат 10:15-те Жетісу ауданында өрт туралы хабарлама түскен. Онда күштер мен құралдар жіберілгені айтылды. Олар оқиға орнында 80 шаршы метр аумақта есіктерді сақтайтын қойма өртеніп жатқанын анықтады. Өрттің жақын маңдағы қоймаға таралу қаупі болған.
Көрші қойманы өрттен қорғау және жалынды сөндіру үшін оқпандар әкелініп, сумен қамтамасыз етілген. Жедел штаб жұмылдырылып, өртсөндірушілер газ кескіштермен металл конструкцияларды ашып жатқаны айтылды.
Өрт қаупі 17 минутта жойылды, 10:40-та өрт оқшауланды. Оқиға орнына 52 адам жіберілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу