ПОДЕЛИТЬСЯ
04 тамыз 2021 | 11:50
Алматыда қоймадағы өрттен шыққан қою түтін тұрғындарды шошытты
Алматыда қоймалардың бірі өртеніп, одан шыққан қою түтін тұрғындарды шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда қоймалардың бірі өртеніп, одан шыққан қою түтін тұрғындарды шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 4 тамызда таңертең Рысқұлов даңғылы мен Немирович-Данченко көшелері қиылысында болған. Өрттен шыққан қою түтін қаланың әр бұрышынан көрінген. Кейін оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды.
Назар аударыңыз, видеода дөрекі сөздер айтылған!
ТЖД мәліметінше, 4 тамызда таңертең 101 пультіне куәгерлерден қоңырау түскен. Өрт Алатау ауданында болған. Өртсөндірушілер келгеннен кейін ангар типіндегі қоймалар өртеніп жатқаны анықталған.
"Көрші қоймаларға таралу қаупі туындады. Дереу өрт оқпандары енгізілді, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Өрт орнында штаб құрылды, шығыс және оңтүстік жағынан екі учаске құрылды. ТЖД жеке құрамының 16 техникасы мен 40 адамы жұмыс істеді", - деді ведомство өкілі.
Назар аударыңыз, видеода дөрекі сөздер айтылған!
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также