Алматыда қоймалардың бірінде өрт болды

Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 28 ақпанында сағат 11:16-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар министрлігіне Алмалы ауданы, Мақатаев және Мұратбаев көшесі қиылысындағы нысанда өрт шыққаны туралы хабар түсті.

Өрт шыққан жерге оңтүстік және солтүстік екі өрт сөндіру учаскесі қызметкерлері жұмылдырылды. Автоцистерналар өрт гидрантына орнатылып, нысаннан төрт оттегі баллоны эвакуацияланды.

Реклама
Реклама

"Өрт шыққан жерде қатты түтіндеу және жоғары темпетартура болуына байланысты газ-түтіннен қорғау қызметі жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, тыныс алу және көру мүшесін қорғау құралдарын қолданып жұмыс істеді. 20 минут ішінде өрт оқшауланды. 60-тан аса өрт сөндіруші, 15 техника жұмылдырылды",-деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама