Алматыда полицейлер тапсырыс жеткізу кезінде балалар арбасына дәрет сындырған курьерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?
Әлеуметтік желілерде кіреберістегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған видео жарияланды. Кадрлардан курьер сөмкесін асынған ер адамның кіреберісте тұрған балалар арбасына жақындағаны көрінеді.
Арба иесінің айтуынша, ер адам оның ішін кіші дәретке отырып кеткен.
Әйел бұзақыны жазалау мақсатында полицияға арыз жазды.
Полицияжауабы
Алматы Полиция департаменті құқыққа қайшы әрекет дерегі бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады.
"Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, ол заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады", - деп мәлімдеді ведомство.
Полиция мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін, олар қоғамдық тәртіп нормаларын өрескел бұзатынын және азаматтардың орынды наразылығын тудыратынын ескертті.