ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қаңтар 2022 | 12:53
Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қайтыс болды
Алматыда Таугүл ауданындағы құрылыс алаңында кран құлады. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы қала әкімдігі мен Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 қаңтарда сағат 10.40-та мердігер компания кран айдайтын адаммен бірге кран жалға алғаны белгілі болды.
"Нәтижесінде 49 жастағы қызметкер жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Құрылысындағы ақауға байланыс кран құлаған. Тергеу жүріп жатыр", - деді әкімдік өкілі.
Алматы қалалық Полиция департаменті өкілі бұл дерек ҚК-нің 277-бабы 2-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін мәлімдеді.
"Бұл істі Әуезов аудандық Полиция басқармасы тергеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также