11 ақпан 2014 12:48

Алматыда құрылысшы қыз лифт шахтасына құлап кетті

Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Алматыда жаңадан салынып жатқан ғимараттағы лифт шахтасына жұмысшы қыз құлап кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтемемен. Мамандардың мәліметінше, оқиға 10 ақпан күні сағат 11.36-да болған. "Алмалы ауданындағы Шевченко көшесі, 80-үйде жаңадан салынып жатқан нысанда "СК-Базис" ЖШС құрылысшысы Ж.Сүлейманова лифт шахтасына құлап кетті", - делінген хабарламада. 1984 жылы туған жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Алматыда ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Ақпараттық өндірістік орталықтың ғимаратында "Алматылифт" мекемесінің екі жұмысшысы лифт шахтасына құлап кеткен болатын. 25 жастағы екі жұмысшының бірі ауруханаға түссе, екіншісі алғашқы медициналық жәрдемнен соң үйіне жіберілген еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram