Алматыда қыз көпқабатты ғимараттан секіріп кеткен: мән-жайы анықталып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Көрнекі сурет\©️ Tengrinews.kz

Желіде Алматыда қыз көпқабатты ғимараттың 14-қабатынан секіріп кеткені туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Алматыда қыз көпқабатты ғимараттың 14-қабатынан секіріп кеткені туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейбір дереккөздер мәліметінше, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті ректорат ғимаратынан секіріп кеткен.

Полиция бұл оқиғаны растады, бірақ қыздың қай ғимараттан құлағаны немесе оның жеке басы туралы нақтыламады.

Реклама
Реклама

"Бұл факт бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала деректер бойынша, мұндай әрекетке отбасылық жағдай себеп болған", – деді Алматы Полиция департаменті.

Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартып, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама