ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 қазан 2024 10:38
Алматыда қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Алматыда қайғылы оқиға болды: 19 жастағы қыз қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің 14-қабатындағы терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көп ұзамай желіде оқиғаның куәгерлері түсірген кадрлар пайда болды.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады, бірақ әзірге қосымша мәліметтерді жарияламады. Марқұм 19 жаста болғаны белгілі.
"Аталған факт бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Мотив пен мән-жайлар белгіленеді", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу