Алматыда қызды аяусыз ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалған

Фото:depositphotos.com

Алматыдағы Жетісу ауданында жасөспірімдер тобы мұз айдынында қызды соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы Жетісу ауданында жасөспірімдер тобы мұз айдынында қызды соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысушылардың жеке басы анықталып, олар полицияға жеткізілген.

"Жанжал шығарған екі жасөспірім қыздың ата-аналары балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Әлеуметтік желілерде тараған видеода жасөспірімдердің жерде жатқан қызды ұрып-соққаны көрсетілген.

Сондай-ақ, желідегі ақпаратқа сәйкес, соққыға жығылған қыз көптеген жарақат алған, оның ішінде қабырғалары сынған, миы шайқалып, брекеті зақымданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама