Алматыда "Магнум" супермаркетінен өрт шықты
Алматыда 22 қазанда таңертең Жетісу 3 ықшамауданында орналасқан "Магнум" сауда орталығынының маңында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

"101"нөміріне өрт шыққаны туралы сағат 06:56-да хабарланды. Бірінші өрт сөндіру қызметкерлері жеті минут ішінде сағат 07:03-те бірден оқиға орнына келген.
Сөйтсе, екі бутиктің жанып кетуінің әсерінен "Магнум" сауда-саттық орталығының (төбесі) өртке оранғаны анықталды. Онымен қоса, супермаркет ғимаратының оңтүстік қабырғасы да, өртке оранған. Өрт сөндіру қызметкерлері тілсіз жау басқа сауда-саттық бутиктеріне таралып кетуіне жол бермеді.
"Өрт сағат 07:29-да ауыздықталды. Ал өрт сағат 07:38-де түгелдей сөндірілді. Өрт алаңы 70 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіру үшін 56 адам мен сегіз техникалық жабдық қажет болды", - делінген хабарламада.