ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қараша 2019 | 13:40
Алматыда мас ер адамдардың төбелесі видеоға түсіп қалды
Алматыда орталық көшелердің бірінде екі мас ер адам төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда орталық көшелердің бірінде екі мас ер адам төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram желісіндегі megapolis.kz парақшасында жарияланды. Видеода екі ер адамның бірінің жартылай жалаңаш екені, ал екіншісі жерде қарда жатқаны көрінеді.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиғаның 22 қарашада шамамен таңғы сағат 8-дерде болғанын айтады.
"Төбелес болған жердің маңындағы ғимараттың әкімшісі келіп, шағым түсірді. Ол белгісіз ер адамдардың мас күйде төбелес шығарғанын айтты. Екеуі де ұсталды. Жартылай жалаңаш жүрген ер адам ауруханаға жеткізілді, ал екіншісі 33 жастағы ер адам полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр, төбелестің мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.
Показать комментарии
Читайте также