ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қыркүйек 2021 | 13:31
Алматыда мас күйде төбелеске араласқан тұрғын оңбай нокаутқа түсті
Алматы тұрғыны мас күйде төбелеске араласамын деп нокаутқа түсті. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы тұрғыны мас күйде төбелеске араласамын деп нокаутқа түсті. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 31 тамызға қараған түні сағат 22.20 шамасында Ақсай-3 ықшамауданында болған. Тұрғын үйлердің бірінің ауласында бес адам сөзге келіспей, арты төбелеске айналған. Төбелес басталғанда бесеудің бірі оңбай нокаутқа түседі. Екі тұрғын оған қарамастан, төбелесін жалғастырады.
Қалалық полиция бөлімі мән-жайды түсіндірді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, төбелес шыққаны туралы хабарға бірінші болып "Буран-097" патрульдік полициясының экипажы жауап берген.
"Үй ауласында нокаутқа түскен 29 жастағы ер адам табылды. Ол қатты мас күйде болған. Зардап шегуші Әуезов облысының полиция бөліміне жеткізілген. Ер адамның айтуынша, ол достарымен жанжалдасып қалған", - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта тәртіпбұзушылардың жеке басы анықталып жатыр. Алдағы уақытта олардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также