05 қыркүйек 2021 | 10:34

Алматыда монша кешені өртеніп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы ТЖМ

Алматыда монша кешені өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда монша кешені өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, 5 қыркүйекте таңғы сағат 7:49-да өрт сөндіру топтары Медеу ауданы Керей және Жәнібек хандар көшелеріне шақырту бойынша шыққан. "Ля купель" екі қабатты монша кешеніндегі бөлмеден өрт шыққаны анықталған. Кешен маңында орналасқан екі ғимаратқа өрт таралу қаупі болған.

"Түтінге байланысты газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары жұмылды. Өрт шығу ошақтарын табу үші тепловизорлар қолданылды. Екінші қабаттағы төбе жабыны ішінара құлады, өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, өрт оқпандарын жалынды сөндіруге және үй-жайларды оқшаулауға енгізді. Магистральды желілер тартылды, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды, сондай-ақ кешен аумағындағы ашық су көзінен су алу жүргізіледі, осылайша суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді", - делінген ТЖД хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, "Алматы судан" қосымша су тасымалдау ұйымдастырылған.

Әкімшілік мәліметінше, кешенде адамдар болмаған. Өртті сөндіруге 34 жеке құрам, сегіз техника және өзара әрекет қызметтері жұмылдырылған.

Өрт сағат 9:58-де оқшауланды, құрылымдар бөлшектеліп, жалын сөндіріліп жатыр. Қабылданған шара нәтижесінде ағаштан салынған монша кешеніне іргелес ғимараттарға жалынның таралуына жол берілмеген.

Сурет: Алматы ТЖД

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная