ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 ақпан 2025 08:35
Алматыда мопед пен мотоцикл соқтығысып, бір адам зардап шекті
Алматыда 9 ақпанда мопед пен мотоцикл жол-көлік оқиғасына ұшырады. Бір адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Алмалы ауданында сағат 16:50-де болған.
"Мұқанов көшесінде, Құрманғазы көшесінен солтүстікке қарай мопед пен мотоцикл соқтығысты. Оқиға салдарынан мопед жүргізушісі зардап шекті. Оған медициналық көмек көрсетілді", – деп хабарлады ведомство.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Апаттың себептері анықталатыны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу