02 тамыз 2022 | 13:16

Алматыда мопедші жол апатына ұшыраған сәт видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: almaty_kris_p кадры

Алматыда мопедші жол апатына ұшыраған сәт видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мопедші жол апатына ұшыраған сәт видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеотіркегіш мопед жүргізушісі оң жақта тұрған көліктің артынан жоғары жылдамдықпен қалай соқтығысқанын түсіріп алған.

Реклама
Реклама

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 30 шілдеде сағат 11:50 шамасында Әл-Фараби даңғылында болған.

"Жүргізуші Н. Қытайда жасалған мопедті мемлекеттік нөмірсіз тізгіндеп, Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, қашықтық сақтамаған. Осылайша, Mitsubishi маркалы көлігіне соқтығысқан", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Оқиға салдарынан мопедші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. "Бұл деректі Бостандық ауданының ПБ тексереді", - деп қосты Шәріпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram