Алматыда мотоцикл жүргізуші екі жол жұмысшысын қағып өлтірді

9 сәуірге қараған түні Алматыда екі жол жұмысшысы қаза тапқан қайғылы жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 сәуірге қараған түні Алматыда екі жол жұмысшысы қаза тапқан қайғылы жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты түнгі сағат 01:30 шамасында Алатау ауданында болған. Жол апаты орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатып, бір бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан. Қозғалысын жалғастырған мотоцикл жүргізушісі жол бойында тұрған үш жол жұмысшысын, екі ер адам мен бір әйелді қағып кеткен", – деп хабарлады полиция.

Реклама
Реклама

Екі ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Екі адамның өліміне әкеп соққан жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама