09 қыркүйек 2020 | 15:02

Алматыда Мұрат Насыровтың анасымен қоштасу рәсімі өтті

Дәурен Ерболат Журналист
Фото: tengrinews.kz

Алматыда танымал қазақстандық, ресейлік әнші Мұрат Насыровтың анасымен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда танымал қазақстандық, ресейлік әнші Мұрат Насыровтың анасымен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хатира Насырова 83 жасында қайтыс болды.

Реклама
Реклама

Танымал әнші және композитор Мұрат Насыров 2007 жылы Мәскеуде жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Ол бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Алматыдағы бұл үйді әнші анасына арнап салған болатын. Ол Рысқұлов көшесінде орналасқан.

Сондай-ақ, Мұрат Насыровтың ағалары мен әпкелері бар.

Жақын туыстарының бірінің айтуынша, Мұрат Насыровтың анасы бірнеше рет инсульт алған. Ол Хатира Ниязовнаның денсаулығы кенжесі Мұрат қайтыс болғаннан кейін нашарлап кеткенін айтады.

Айта кетейік, Мұрат Насыровтың Лия есімді қызы мен Әкім есімді ұлы бар.

Олар анасымен бірге Мәскеуде тұрады. Әкім Гнесин атындағы музыкалық училищеге түсіп, музыкамен кәсіби түрде айналысып жүр. Ол саксофонда ойнайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная