19 қыркүйек 2022 | 16:10

Алматыда өрт шықты: қою қара түтін жұртты алаңдатты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: tengrinews.kz оқырмандарынан

Алматы тұрғындарын қою қара түтін алаңдатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындарын қою қара түтін алаңдатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар Алматының төменгі бөлігінде өрт шыққанын хабарлады. Абай даңғылы аумағынан қою қара түтін шығып жатқаны көрінеді.

Реклама
Реклама

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Жетісу ауданында, Райымбек даңғылы, Галилей көшесі, 38-үйде өрт шыққан, өртсөндірушілер сағат 15.04-те оқиға орнына жөнелтілген.

"Жеті минуттан кейін, оқиға орнына келгенде жекеменшік үй мен қораның өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің көрші үйге өту қаупі болды. Жақын жерде орналасқан өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылып, үздіксіз сумен қамтамасыз етіліп, өрттің таралу қаупі жойылды", - деді ТЖД өкілдері.

Сурет: ТЖД

Өрт сағат 15.35-те оқшауланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram