27 тамыз 2020 | 16:56

Алматыда өртенген көлік апатқа түсті: жүргізуші қаза тапты, полицей ауруханада жатыр

Видео кадрлары

Алматыда әл-Фараби даңғылында автокөлік жүргізушісі патрульдік көлікке соқтығысты. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, ал полицей жедел түрде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда әл-Фараби даңғылында автокөлік жүргізушісі патрульдік көлікке соқтығысты. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, ал полицей жедел түрде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты бүгін, 27 тамызда, сағат 15.05-те болды. Nissan Primera автокөлігі Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылының бойында қауіпсіз жерде тұрған патруль көлігіне соқтығысқан.

Реклама
Реклама

"Инерция бойынша патруль көлігі шығысқа қарай келе жатқан Mercedes автокөлігімен соқтығысты. Соқтығысу нәтижесінде экипаждағы полиция қызметкерлерінің бірі ауыр жарақат алып, шұғыл түрде №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Өртене бастаған Nissan полиция көлігімен соқтығысқан соң тоқтады. Осылайша, полиция көлігі тоқтай алмай келе жатқан көлік құралы үшін тосқауыл болды, әйтпесе оның салдары ауыр болуы мүмкін еді", - деп түсіндірді Алматы қаласы ПД өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online) 27 Авг 2020 в 2:43 PDT

Өртті өрт сөндіру топтары оқшаулады. Көлік ішінен жүргізушінің өртенген денесі табылды, оның кім екені анықталып жатыр.

"Басталған тергеу барысында көліктің өртену себебі және оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады", - деп қорытындылады ведомство қызметкерлері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная