ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мамыр 2021 | 14:55
Алматыда өртеніп жатқан ғимараттан 7 адам құтқарылды
Алматыда өртеніп жатқан ғимараттан 7 адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда өртеніп жатқан ғимараттан 7 адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 16 мамырда таңғы сағат 05.52-де Қарасу шағынауданында өрт шыққаны туралы хабар түсіп, ТЖД күштері оқиға орнына аттанған. Өрт шыққан жерге барған кезде үш қабатты ғимараттың жертөлесі ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзып, ғимаратқа тығыз бекітілген шатыр астында ағаш, картон қораптары және шкаф жиһаздарының басқа элементтері сақталған.
Ғимараттың бірінші қабатында мотоциклдер қойылған, ал екіншісінде микроқаржы ұйымының кеңсесі, үшінші қабатта кеңсе ретінде жасалған мансарда болған.
ТЖД атап өткендей, өрттің тез таралуына жертөледегі жиһаз шеберханасында өрт жүктемесі ықпал еткен. Үй-жайларда қатты түтін пайда болып, эвакуация жолдарын жауып тастаған. Жалын бүкіл ғимаратты шарпыды.
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі.
Газ және түтіннен қорғау қызметі барлау және сөндіру кезінде өрт сатысы арқылы шатырдан алты адамды құтқарды. Алтыншы адамды өрт сөндірушілер түтін шарпыған ең алыс бөлмеде ұйықтап жатқанын жерінен оятып алған.
"Өрт болған жерге бірінші болып сол маңнан өтіп бара жатқан Алматы қаласы ТЖД қызметкері барды. Қызметтен тыс уақытына қарамастан Александр Чистяков адамдарды құтқаруға кірісіп кетті. Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін, ол тағы үш куәгермен бірге жертөле терезесіндегі темір торды алып, ер адамның сыртқа шығуына көмектесті, содан кейін олар техника өтуіне кедергі келтіріп тұрған машиналарды эвакуациялады.
Құтқарылған жеті адамға да жедел түрде ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы медициналық-психологиялық көмек көрсетті", - деді Алматы қаласы ТЖД өкілдері.
Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының тұйықталуы. Өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзғаны үшін ғимарат иесі ҚРӘҚБтК 410-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также