ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қараша 2020 | 13:04
Алматыда пәтер өртеніп, 83 жастағы зейнеткер зардап шекті
Алматыда Әуезов ауданының №1 шағын ауданында көп пәтерлі үйде өрт шықты. 83 жастағы әйел зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Әуезов ауданының №1 шағын ауданында көп пәтерлі үйде өрт шықты. 83 жастағы әйел зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өртсөндірушілер 27 қарашада сағат 4.09-да Әуезов ауданының бірінші шағын ауданы, 43-үйге жоғары шақыру дәрежесі бойынша жолға шықты.
"Бірінші бөлімшелер келгенде үшінші қабаттағы пәтер өртеніп жатқан, жалын төртінші қабаттың балконына және жалпы ауданы 60 шаршы метр үйдің төбесіне жеткен. Он адам, оның ішінде үш бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды", - делінген Алматы ТЖД хабарламасында.
Өртсөндірушілерге жолда көптеген жеке автокөлік кедергі келтіргені атап өтілді. Алматы ТЖД өкілдері жүргізушілерден шұғыл қызметтердің қозғалысына кедергі жасамауды сұрады.
"Үй жаққа кірер жолда жеке автокөліктердің көптігіне қарамастан, өрт 34 минут ішінде ауыздықталып, 05.02-де сөндірілді. 2014 жылдың 9 қазанында шыққан өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес, ғимараттар мен құрылыстарға өту жолдары мен кіреберістерде, сондай-ақ өрт гидранттары құдықтарының қақпақтарында автокөліктердің тұруына және тұрақтауына жол берілмейтінін атап өткіміз келеді. Адам өмірі осыған байланысты", - деп толықтырды департаменттегілер.
Өрт сөндіруге 10 дана техника, өзара іс-қимыл қызметінің 30 қызметкері жұмылды. Өртсөндірушілер жалынның көршілес пәтерге таралуына жол бермеді. Алайда оқиға салдарынан жедел жәрдем бригадасы 1937 жылы туған әйелді №7 қалалық ауруханаға жеткізді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также