14 маусым 2021 09:41

Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға 14 маусымда таңертең Алатау ауданында болған.

"Полиция қызметкері Hyundai Elantra қызметтік көлігімен Өтемісұлы көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Күтпеген жерден екінші автокөлікпен соқтығысудан қашқан полицей маневр жасап, көлік жуатын орынның шығыс жағына шығып кеткен. Онда ол жаяу жүргіншіні, сондай-ақ тұрақта тұрған "Газель" көлігін қағып кеткен. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші қаза болды", - деді Алматы ПД өкілі.

Реклама
Реклама

Дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Іс Алматы ПД анықтау басқармасының өндірісінде. Жүргізушімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram