ПОДЕЛИТЬСЯ
05 маусым 2023 | 15:11
Алматыда полицей шетелдік қызды итеріп жіберген: куәгер оқиға қалай болғанын айтты
Алматылық тұрғын полиция итеріп құлатқан шетелдік әйелмен болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылық тұрғын полиция итеріп құлатқан шетелдік әйелмен болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиға Алматыдағы Сәтбаев пен Достық көшелерінің қиылысына жақын жерде орналасқан бардың бірінің маңында болған.
Оқиғаның куәгері - журналист әрі продюсер Ғазиза Райымбек. Ол оқиғаны видеоға түсіріп алған.
"Мен таксиге жүгірдім, көлік келіп қалды. Мен Сәтбаев көшесінде бірнеше қыз полиция көлігін қоршап алғанын көрдім. Мен не болып жатқанын тыңдау үшін тоқтадым. Полиция көлігінде бір қыз отыр екен. Басқа қыздар ол қызбен бірге баруға тырысып жатқаны байқалды. Қыздар полиция қызметкерінен: Не болды? Не болып қалды? деп сұрағанымен полиция қызметкері еш нәрсе айта алмады. Шамасы полицей тіл білмеген болуы мүмкін. Содан кейін ол шығып қыздарды итеріп жіберіп, түк болмағандай кетеді. Басқа полицейлер жүгіріп келіп мән-жайды анықтай бастады", - дейді Ғазиза Райымбек.
Оның айтуынша, қыздар қытайлық әйелдерге онша ұқсамайды, мүмкін таиландтық немесе филиппиндіктер.
"Шетелдік қыз оңбай құлады. Сондай дыбыс шықты. Полицей бар күшімен қызды итеріп жіберді, ал ол ұшып кетті. Әрине, бұл жағдай менің ашуыма тиді. Біздің әйелдерге ер адамдар қол көтереді, бұл қалыпты жағдай деп саналады. Полицей әйелге қол көтереді. Оның орнында басқа әйел болуы мүмкін еді, әйелдер ұлтқа бөлінбейді. Осыған ашуландым. Қыз зардап шекпеді, бәрі жақсы екенін айтты. Олар адвокатты талап етті. Адвокат келді ме – білмеймін. Қыз мас болған күннің өзінде бұл оны итеріп тастау керек деген сөз емес", - деп түйіндеді Ғазиза Райымбек.
Бұған дейін Алматыда полиция қызметкерінің қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдікті итеріп жібергені видеосы тараған болатын. Оқиға сәті әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырған еді.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт бойынша қызметтік тексеру басталды.
"Департамент басшылығы полиция қызметкерінің әрекетіне дөрекілік танытқаны үшін ең принципті бағаны беріледі", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также