Алматыда полиция гастролер-ұрыны ұстады

видео кадры

Алматыда полиция гастролер-ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда полиция гастролер-ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ол қарбалас уақытта қоғамдық көлік жолаушыларынан ұялы телефон ұрлаған. Сонымен қатар ұрланған телефондарды сатып алушы да ұсталды. 15 телефон тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыскер қамауға алынды", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Жыл басынан бері криминалдық полиция қызметкерлері республика бойынша 417 қалта ұрысын ұстаған. Оларға қатысты 461 қылмыстық іс қозғалды. 21 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, 38 гастролер-ұры құрықталды.

Реклама
Реклама

"ІІМ қалта ұрлығын жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады. Қырағы болуға және құнды заттарды қолжетімді жерде ұстамауға кеңес береміз", - деді полиция полковнигі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама