ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 сәуір 2020 16:18
Алматыда полиция көлігі жол апатына ұшырады
Алматыда патрульдік көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 13 сәуірде таңертең Манас пен Бұхар Жырау көшелерінің қиылысына болған. Полиция көлігі мен Chrysler соқтығысқан. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.
"Патрульдік көлік Манас көшесімен оңтүстік бағытта келе жатты. Көліктің соңынан ешкім қуған жоқ, бұл жол апаты. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында жол апатына ненің себеп болғаны белгілі болады", - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу