04 тамыз 2022 10:16

Алматыда полиция қызметкері әйелді қағып өлтірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:krisp_almaty

Алматыда полиция көлігі әйелді қағып өлтірді. Бұл ақпаратты Алматы Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция көлігі әйелді қағып өлтірді. Бұл ақпаратты Алматы Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Жансүгіров көшесінде түнде болған.

Реклама
Реклама

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 3 тамызда сағат 23.25-те болған.

"Хюндай" маркалы қызметтік көлік жүргізушісі, патрульдік полиция полкінің қызметкері, 1993 жылы туған азамат Т.Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесі қиылысында 49 жастағы әйелді қағып кеткен. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында қаза болды.  Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram