10 сәуір 2022 | 17:08

Алматыда ірі жол апаты болды: оқушы қыз қаза тапты

Фото: Instagram/kris.p.brothers

Алматыда жаппай жол апатынан жаяу жүргінші қыз қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жаппай жол апатынан жаяу жүргінші қыз қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат 9 сәуірде сағат 17.10-да болған. Hyundai Tucson автокөлігінің 1987 жылғы жүргізушісі Гагарин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, солға бұрылып, Гагарин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Elantra автокөлігімен соқтығысып, жаяужолда тұрған жаяу жүргіншілерді қағып кетті.

Әрі қарай Hyundai жүргізушісі Гагарин көшесінде солтүстік бағытта тұрған Chevrolet автокөлігі мен Yutong автобусын соқты. 

Реклама
Реклама

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2013 жылғы жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды, марқұмның анасы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная