02 мамыр 2022 13:42

Алматыда ірі супермаркеттен өрт шықты

Алматыда ірі супермаркеттен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ірі супермаркеттен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ТЖД баспасөз қызметі 2 мамырда сағат 10.32-де өрт сөндірушілер Сүйінбай даңғылындағы өрт туралы хабар түскенін мәлімдеді.

"Алғашқы өрт сөндіру тобының 7 минутынан кейін Huseinoff екі қабатты супермаркетінің екінші қабаты мен шатыры ашық жалынмен өртеніп жатқаны анықталған. Адамдар бар-жоғына дереу анықтау жұмыстары жүргізіліп, өрт сөндіру ұңғылары әкелінді. Штаб жұмысы құрылып, 50-ден аса қызметкер мен 15 техника, оның ішінде екі АЛ-32 өрт сөндіру сатысы жұмылдырылды", - деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Өрт 28 минут ішінде ауыздықталып, 11:22-де сөндірілгені хабарланды. 

"Қабылданған шаралар екінші қабаттағы пәтерлерді қорғауға, өрт бүкіл шатырға таралуына жол бермеуге, сондай-ақ дүкеннің сауда бөлмелері бар бірінші қабатты өрттен қорғауға мүмкіндік берді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деді "ӨС және АҚЖ" ММ орынбасары Кравцов Вадим.

Төтенше жағдайлар департаменті мамыр мерекелерінде жеке құрам қызметі күшейтілгенін еске салды.

Мы открыли еще один Telegram-канал. О деньгах и казахстанском бизнесе. Подписывайтесь на Tengri Деньги!

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram