03 қазан 2024 | 14:35

Алматыда сабынды телефон ретінде қолданған ер адам тұрғындарды шошытты

видео кадры

Алматыдағы үйлердің бірінің тұрғындары сабынды телефон ретнде қолданбақ болған жігіттің оғаш қылығына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы үйлердің бірінің тұрғындары сабынды телефон ретнде қолданбақ болған жігіттің оғаш қылығына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыдан ер адамның телефонның орнына сабын қолданып қоңырау шалмақ болған видеосы пайда болды. Бұл ретте жігіт жалаң аяқ, беліне дейін жалаңаш жүрген.

"Жігіт барлық балаларды қорқытты, үйге кіре алмай жүрміз. Ол кіреберісте тұр. Қолында сабын бар", – дейді видеода үй тұрғындарының бірі.

Реклама
Реклама

Жігіттің өзі қолында сабын емес, iPhone 10 болғанын айтады.

"Мен 27-ші пәтерде тұрамын, жалға аламын. 2GIS-ті ашып, көрсеткім келген, телефоным "істемей тұр". Үйден жүгіріп шықтым, қызымды шығарып салған едім. Аяқкиімім қайда екенін білмеймін. Қазір таксимен кетемін", - дейді жігіт видеода.

Tengrinews.kz тілшісіне Алматы Полиция департаменті берген ақпарат бойынша, олар тұрғындардың шақыруымен келген. Ер адам ұсталып, Жетісу аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

"Оның жеке басы анықталды. Оқиғаның объективті мән-жайы мен мұндай мінез-құлықтың себебі одан әрі нақтылау барысында анықталатын болады", - деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram