ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 наурыз 2020 13:11
Алматыда самокат тепкен мектеп оқушысын көлік қағып кетті
Алматыда көлік жүргізушісі самокат теуіп келе жатқан тоғыз жастағы қызды қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Апат 26 наурызда Манас көшесіне жетпей Бұқар жырау бойында болған. Қазіргі уақытта қыз ауруханада жатыр.
"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы "Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қыздың дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот медициналық сараптама тағайындалады", - деп хабарлады Алматы ПД өкілі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу