12 маусым 2022 | 20:10

Алматыда санкцияланбаған акциядағы қақтығыс кезінде ер адам қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматыда санкцияланбаған акциядағы қақтығыс кезінде ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда санкцияланбаған акциядағы қақтығыс кезінде ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық ПД мәліметінше, оқиға 11 маусымда болған.

Алматы Полиция департаменті өкілі 11 маусымда бір топ адам Гагарин көшесінің көлік жүретін бөлігін жауып тастағанын айтты.

Реклама
Реклама

"Санкцияланбаған акцияға қатысушылардың бірі 1980 жылы туған азамат М. жанжал барысында автокөліктердің бірінің жүргізушісіне дене жарақатын салған. 1974 жылы туған К. кейін қайтыс болды. Азамат М.-ның әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі "Абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру", - деді полицейлер.

Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу басталды. Күдікті 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная