Алматыда сирек кездесетін спорткарды ағаш басып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Кеше Алматыда жаңбыр жауып, жел соқты. Қолайсыз ауа райы төтенше жағдайға әкеліп, тұрақта тұрған электрспорткардың үстіне ағаш құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше Алматыда жаңбыр жауып, жел соқты. Қолайсыз ауа райы төтенше жағдайға әкеліп, тұрақта тұрған электрспорткардың үстіне ағаш құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, ағаш көліктің алды мен төбесіне түскен. Автокөлік айтарлықтай зақымданды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

HiPhi - Қытайдың премиум бренді, оның үлгілері футуристік дизайн және шектеулі шығарылымымен ерекшеленеді.

Реклама
Реклама

Алматыда мұндай көліктер өте сирек, сондықтан оқиға қала тұрғындарының ерекше назарын аударды.

"HiPhi, бұл көлікті өндірістен алып тастаған, иесіне қосалқы бөлшектер табу қиын болады, жаным ашып тұр", "Бұл компания банкротқа ұшырады, енді қосалқы бөлшектер таба алмайды", "Бұл менің көшем, бүгін таңертең көрдім. Көліктің қожайынына обал-ақ".

Қазір иесі шығынды бағалау және жөндеу жұмыстарымен айналыспақ. Модельдің бірегейлігі мен қосалқы бөлшектердің шектеулі болуына байланысты жөндеу айтарлықтай қымбатқа түсуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама