Алматыда такси жүргізушісі шытырман оқиғаға тап болды

Алматыда такси жүргізушісі шытырман оқиғаға тап болды Бейнеден алынған кадрлар

Алматыда шетелдік такси жүргізушісінің кезекті сапары күтпеген жерден шытырман оқиғалы фильмге айналды. Алдымен жолаушы оған "тапанша" кезеп сес көрсетсе, кейін іске полиция араласып, оқиға жол апатымен аяқталды. Полиция жолдағы оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Солтүстік айналма жолында патрульдік қызмет атқару кезінде тәртіп сақшыларына KIA маркалы автокөлік келіп тоқтаған. Көлік тізгінінде отырған шетел азаматы шығып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

"Ол көліктің артқы орындығында отырған жолаушы тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруды талап еткенін айтты", - деп хабарлады полиция.

Жарнама
Жарнама

Тәртіп сақшылары дереу әрекет етіп, автокөлікті қоршауға алып, күдіктіні ұстады. Тексеру барысында оның қолындағы зат ойыншық тапанша екені белгілі болды.

Алайда такси жүргізушісінің тауқыметі мұнымен бітпеді. Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап жатқан кезде, өтіп бара жатқан басқа көлік жүргізушісі оқиғаға алаңдап, KIA-ға соғылған.

Полиция бұл дерек бойынша KIA жолаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. Ал жол апатына себепкер болған жүргізушіге қандай жаза қолданылатыны нақтыланбады.

Бұған дейін Павлодар облысында “жүкті“ әйел мас күйде рөлге отырып, жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама